Астанада қойма өртенді (ВИДЕО)

Астанада қоймадан өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Оқыс оқиға таңғы сағат 07.20-да Байқоңыр ауданында болған. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД бөлімшелері жіберілді.

Олар оқиға орнына келгенде ауданы 1 мың шаршы метр болатын бір қабатты қойма өртеніп жатқанын көрген. Өрт салдарынан ғимараттың алдыңғы қабырғасы мен шатыры құлаған.

Өрт сөндіру жұмысына 70-ке жуық маман мен 15 техника жұмылдырылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз