"87,68 пайыз дауыс Путинде". Ресей президентін сайлау нәтижелері туралы алғашқы мәліметтер жарияланды

"87,68 пайыз дауыс Путинде". Ресей президентін сайлау нәтижелері туралы алғашқы мәліметтер жарияланды
Фото: kremlin.ru

Владимир Путин Ресей президенті сайлауында 87,68 пайыз дауыс жинап жатыр. Бұл хаттамалардың 30 пайызын өңдегеннен кейін жарияланған орталық сайлау комиссиясының алғашқы деректерінен белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Николай Харитоновта 3,95 пайыз, Владислав Даванковда 3,81 пайыз, Леонид Слуцкийде 3,01 пайыз дауыс бар. Мәскеу уақытымен 20.37-де 74,22 пайыз адам дауыс берген.

Агенттік мәліметінше, Путиннің нәтижесі қазіргі Ресей тарихындағы рекорд деңгейдегі көрсеткіш саналады. 2018 жылы ол 76,69 пайыз, ал 2012 жылы 63,6 пайыз жинады. Дмитрий Медведев 2008 жылы 70,28 пайызбен жеңіске жетті. 2004 және 2000 жылдары Путин 71,31 пайыз және 52,9 пайызбен жеңіске жетті. 1996 жылы Борис Ельцин екінші турда 53,82 пайызбен жеңіске жетті.

Ресей президентінің сайлауы 15-17 наурыз аралығында өтеді. Сайлауға төрт үміткер қатысады: қазіргі Ресейдің мемлекет басшысы Владимир Путин, ЛДПР-дан Леонид Слуцкий, КПРФ-дан Николай Харитонов және "Новые люди" партиясынан Владислав Даванков.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова