Адайша армрестлинг: желіде әйелдер арасындағы қол күрес талқыға түсті

Әлеуметтік желіде ұлттық киім киген әйелдер кәсіби армрестлинг үстелінде қол күресіп жатқан видео пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтемем жасап.

Lada.kz мәліметінше, видео Қарақия ауданының Сенек ауылында түсірілген. Мұнда Адай-Жеменей руының өкілдері Амал мерекесіне орай жарыс ұйымдастырған. Ер адамдардан бөлек, әйелдер де өздерін осы спорт түрінен сынап көрген.

Видеода көпшілік әйелдердің күресін тамашалағаны көрінеді.

Әйелдер қол күрестен бөлек, гір тасын көтеріп те жарысқан.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!