Шаңырақ күні: Жамбылда жаңа босанған аналар мен сәбилерге сыйлықтар табыс етілді

Шаңырақ күні: Жамбылда жаңа босанған аналар мен сәбилерге сыйлықтар табыс етілді

Қазақстандағы Наурызнама онкүндігінің төртінші күні - "Шаңырақ күні".

Бұл күн - қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді.

Мереке мезіретінде Жамбыл аудандық аурухананың перзентхана бөлімінде 2 сәби дүниеге келді.

Осыны ескерген аудандық аурухана мен аудан әкімдігі мереке мезіретіне орай сәбилі болған аяулы аналарды құттықтауды да назардан тыс қалдырмады.

Нақтырақ айтар болсақ, аудандық аурухана бас дәрігерінің ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Айгүл Абилдаева мен аудан әкімдігінің өкілі Бақытжан Құтжан 2 ананы перзентханаға барып құттықтап, сыйлықтарын табыстады.

Сәбиін бауырына аман-есен басқан жас аналар ақ халаттыларға алғаусыз алғысын білдірді.

"Отбасы күні мерекесі қарсаңында дүние есігін ашқан сәбилер туған жеріміздің мақтанышына айналар тұлға болсын. Сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін", - деді Айгүл Ержанқызы жылы лебізін білдіріп.

Айта кетейік, жыл басынан бері аудандық ауруханада 25 бала дүние есігін ашқан.

Жамбыл облысы әкімдігі ұсынған материал

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә