Алматыда көлік ағашқа соғылып, жүргізуші мерт болды

Алматының Алмалы ауданында көлік ағашқа соғылып, жүргізуші мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 17 наурызда сағат 5:10-да болған. Mitsubishi көлігін мінген 39 жастағы жүргізуші Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта Мақатаев көшесімен қиылыста келе жатып, рульге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, жолаушы зардап шеккен.

"Оқиға орнында полицейлер жүргізуші деп күдіктенген ер адам ұсталды. Алайда ол көліктегі екінші жолаушы болғанын айтып отыр. Ол сараптамаға жіберілді, сөзінің растығын полицейлер анықтайды", - делінген жол апаты орнынан түсірілген видео сипаттамысында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз