Қазақстандағы үш қала тұрғындарына ауаның ластануы туралы ескерту жасалды

Қазақстандағы үш қала тұрғындарына ауаның ластануы туралы ескерту жасалды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қазгидромет үш қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"17 наурызда Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан