Алаяқтық үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталды

Алаяқтық үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталып, елге жеткізілді. Әйел топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында автокөліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, азаматтарды үлкен сомаға алдаған", - делінген хабарламада.

Полиция алаяқтықтың 17 дерегін тергеп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз