Алматы облысындағы қоймада ірі өрт шықты

Фото: видео кадры

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында қойма өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданыда қоймадағы өрт туралы ақпарат Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында қойма өртеніп жатыр.

"Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде жоғары дәрежедегі шақыру бойынша жіберілді. Шақыру орнына келгеннен кейін көрші тұрғын үйге көшу қаупі бар майлықтар шығаратын цех пен қойманың жануы орын алғаны анықталды. Өрт сағат 11:01-де оқшауланды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Жеке құрамнан 60-қа жуық адам және 20-ға жуық техника жұмылдырылғаны айтылды. Өрттің алдын ала ауданы 1000 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан