Қазақстанда қанша Рамазан есімді адам бар?

Қазақстанда қанша Рамазан есімді адам бар?
Фото: elements.envato.com

Қасиетті ай құрметіне республиканың қанша азаматына Рамазан есімі қойылған. Tengrinews.kz анықтап көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда Рамазан есімді 43 726 адам бар. Елімізде Рамадан есімді 232 адам бар.

Сонымен қатар, Қазақстанда Ораза есімді 45 адам тұрады.

Айта кету керек, жыл сайын ораза кезінде Рамазан есімі жаңа туған нәрестелер арасында танымал болады.

2023 жылғы наурызда 530 жаңа туған нәрестеге Рамазан есімі берілген. Былтыр сәуірде – 836 сәби. 2023 жылы Рамазан айы 23 наурыздан 20 сәуірге дейін жалғасыты.

Рамазан есімі мұсылмандар үшін қасиетті ай – Рамазан (немесе Рамадан) атауынан шыққан.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан