Көлікке ксенон фар орнатуға бола ма? ПД басшысы жауап берді

Көлікке ксенон фар орнатуға бола ма? ПД басшысы жауап берді
Фото: elements.envato.com

Көлікке ксенон фар орнатуға бола ма? Қостанай облысының ПД басшысы Ерлан Файзуллин есеп беру жиынында сұраққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" порталына сілтеме жасап.

ПД басшысының айтуынша, көлікті кез келген түрге қайта жарақтандыру, яғни оның құрылымына өзгерістер енгізу заңды болуы керек.

"Мысалы, егер газ жабдықтарын орнату туралы айтатын болсақ, бұл үшін тиісті рұқсат қажет, соның ішінде полициядан. Газ баллон құрылғысын орнату процесі аяқталғаннан кейін тіркеу куәлігінде көлікке қосымша жабдық орнатылғаны туралы белгі қойылады. Ксенон фаралар немесе би-лэд орнатуға байланысты, Қазақстанда дайындаушы зауытта қарастырмаған мұндай фараларды орнатуға тыйым салынады. Яғни, көліктің техникалық параметрлерін рұқсатсыз өзгертуге жол берілмейді. Бұл үшін 15 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған, бұл шамамен 55 мың теңге болады. Былтыр ксенон шамды заңсыз орнатқан 15-тен аса жүргізушіні анықтадық", - деп түйіндеді сөзін Ерлан Файзуллин.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан