Уролог бүйректе тас жиналғанын көрсететін негізгі белгілерді атады

Уролог бүйректе тас жиналғанын көрсететін негізгі белгілерді атады
Фото: elements.envato.com

Егер бүйрегіңізде тас жиналса, ішіңіздің сол бөлігі қатты ауырады. Жоғары санатты уролог Сергей Королев бүйректе тас жиналғанын көрсететін негізгі белгілерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru" сілтеме жасап.

Бүйректе тас барын көрсететін белгілер - белдің өткір ауыруы. Ауырсыну беліңіздің екі жағынан да тууы мүмкін.

Сергей Королевтің айтуынша, бұл ауырсынуды басқалармен шатастырып алу мүмкін емес. Ал егер тас тас төменгі несепағарда түзілсе, іштің төменгі бөлігі ауырып, ол шап аймағына таралады.

Сондай-ақ, қатты ауырсынудан басқа, жүрек айнуы, құсу, тым көп зәр шығару, зәрдегі қан немесе зәрдің болмауы, шаршау және әлсіздік те бүйректе тас жиналғанын ескертуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін бүйректе тас жиналса, оны қалай емдеуге болатыны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Жердің құрылысы. Жер қыртысының қозғалысы туралы болжамдар. Реферат

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә