Атырауда алты айлық сәби SIM-картаны жұтып, дем ала алмай қалған

Атырауда алты айлық сәби SIM-картаны жұтып, дем ала алмай қалған
Фото: pixabay

Атырауда алты айлық қыз ұялы телефонның сим-картасын жұтып қойған. Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы дәрігерлерінің жедел әрекеті арқасында сәби аман қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Анасы баласының кенеттен жөтеле бастағанын байқаған. Ол дереу жедел жәрдемге хабарласып, қызының бірдеңені жұтып қойып, тұншығып жатқанын айтады. Диспетчер қоңырауды дереу кеңесші дәрігер пультіне ауыстырады.

"Дәрігер-кеңесші Гүлназ Қырықбаева баланың туыстарына алгоритм бойынша, кезең кезеңімен айтқан әрекеттерді жасауға кеңес берді. Телефон арқылы алғашқы медициналық көмек көрсеткен дәрігер-консультанттың арқасында баланың өмірі аман қалды. Дәрігердің телефон арқылы берген нақты нұсқауы бойынша туыстары бөгде затты өз бетінше алып шықты", - деді облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Баймолдаева.

Артынша көмек көрсету үшін шақырту орнына "103" бригадасы жіберілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан