Алматыда ТЖД қызметкерлері үйлерді аралап жүр

Алматыда ТЖД қызметкерлері үйлерді аралап жүр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері пәтер иелерімен сақтық шаралары туралы әңгіме жүргізуді жалғастырып жатыр. Алматыда құтқарушылар үйлерді аралайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінгенде халық үрейге бой алдырып, көпқабатты үй тұрғындары қалай әрекет ету керек екенін білмейтінін тәжірибе көрсетті.

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Таңғы жиыннан кейін құтқарушылар Алматының сегіз ауданындағы көпқабатты үйлерді қамту үшін үгіт-насихат топтарына бөлінетіні айтылды.

Алматылықтарға ауызша нұсқаулардан бөлек, жер сілкінісі болған жағдайда не істеу керек екені туралы ақпараттық қазғаздар беріледі.

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан