"Базарда көрген". Алматыда жоғалған жасөспірім үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Полиция 15 жастағы жасөспірімге қатысты іздеу ісін бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жоғалған адамды іздеу операциясына жедел уәкілдер, ювенал полиция басқармасының қызметкерлері және еріктілер жұмылдырылған. Сондай-ақ, жасөспірім болуы мүмкін орындарға тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы ПД.

Кейбір мәліметтер бойынша, баланы екі күн бұрын Алматы маңындағы базарлардың бірінде көрген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!