Жетісу облысында серуендеуге шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды

Жетісу облысында серуендеуге шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды

Жетісу облысында серуендеуге шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаратал ауданының полициясына жергілікті тұрғын үйден серуендеуге шығып оралмаған ағасын іздеуде көмек көрсету туралы арызбен жүгінді.

Учаскелік полиция инспекторлары дереу іздеуді бастаған. Мән-жайларды анықтау барысында жоғалған ер адамның 2-топтағы мүгедек екендігі анықталды. Жоғалған адамның ұялы телефоны жоқ болғаны іздеуді қиындатқан.

Жүргізілген ауқымды іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қаратал ауданының полицейлері жоғалып кеткен сәттен бастап бесінші күні оны тауып, туыстарына қайтарды.

– Менің ағам серуендеуге шығып, қайтып оралмады. Кейін біздің учаскелік инспекторға жүгіндім, ол бірден іздеуді бастады. Іздеуге қатысқан, бауырымды тауып, аман-есен қайтарған Қаратал ауданының барлық полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, - деді Наталья Махнева.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина