Қазақстанның екі облысында жол жабылды

Қазақстанның екі облысында жол жабылды
Фото: "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі

16 наурыз сағат 09:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар екі автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында  жалпы ұзындығы 165 шақырым болатын бір автожол:

  • "Қызылорда-Павлодар" Қарағанды қ.-Павлодар обл.шекарасы ⁠(қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін).

Павлодар облысында жалпы ұзындығы 71 шақырым болатын бір автожол:

  • "Қызылорда-Павлодар" - Қарағанды обл.шекарасы-Шідерту ауылы (қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін).

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 246 бірлік техника және 445 жолшы жұмылдырылған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан