Жүзу бойды өсіретіні рас па?

Жүзу бойды өсіретіні рас па?
Фото: pixabay.com

Жүйелі түрде жүзумен айналысу бойды өсіреді деген пікір бар. Бұл рас па? Біреулер жүзу шынымен де бойды өсіруге көмектесетінін айтса, басқалар оны жоққа шығарады.

Күнде жүзсеңіз не болады?

Жүзу – физикалық белсенділіктің бір түрі. Ол бұлшықеттердің дамуына ықпал етеді, төзімділікті арттырады және жалпы физикалық пішінді жақсартады. Ол сондай-ақ дене мүсініне және иілгіштікке жағымды әсер етеді. Алайда жүзу шынымен де бойды өсіретінін көрсететін ғылыми дәлелдер жоқ.

Жүзу баланың бойын өсіретіні рас па?

Жүзудің бойға әсерін жиі ата-аналар білгісі келеді. Алайда адамның бойына бірнеше фактор әсер етеді: генетика, тамақтану, өмір салты және гормонды тепе-теңдік. Зерттеулер жүзу өздігінен бойды өсіруге арналған тікелей ынталандырғыш емес екенін айтады. Спорттың бұл түрі дене пішінін жақсартатыны рас. Дене пішіні жақсарғандықтан, адам визуалды түрде ұзын болып көрінуі мүмкін.

Неліктен адамдар жүзу бойды өсіреді деп ойлайды?

Бір жағынан, адам денесі суда болған кезде гравитация бірнеше есе азаяды.

"Егер адам су түбіне аяғын тигізіп жүрмей, көлденең күйде жүзсе, омартқарааралық дисктерге түсетін жүктеме айтарлықтай азаяды да, олар созылады. Дәл солай сүйектер, буындар және сіңірлер де созылады. Қолымен жүзу және аяқтарымен итеру ұлдар мен қыздардың өсуіне жауап беретін нүктелерге әсер етеді. Шеміршек аймақтарының үнемі созылуы және жүйелі түрдегі физикалық жүктеме ағзаның жылдам өсуіне ықпал етеді", - деп жазды Sportstar.

Басылымның жазуынша, көпшілік жас адамдардың кей өсу аймақтары 23-25 жасқа дейін ашық болады. Алайда жүзумен жарты жылдан аз емес және аптасына үш реттен кем емес айналысу керек.

Оқи отырыңыз: Баланы бассейнге берудің 8 артықшылығы

А. Жапатова