Жұлдыз Әбдукәрімова 13 жасқа толған ұлына ерекше тілек арнады

Әнші Қайрат Нұртас пен актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімованың ұлы 13 жасқа толды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жұлдыз Әбдукәрімова ұлының туған күнімен құттықтап, оған әсерлі жазба арнады және ұлымен бірге түскен бірнеше фотосын бөлісті.

"Нарұлым 13-ке толды! Бұл жаста бойы, ойы өсіп, мінезі өзгергені анық. Осы уақытқа дейін ұлыма тілек айтарда еш қиналмайтын едім, бұл жолы ойландым. Ер азаматтың ұлт алдындағы борышын қалай жеткізсем деп толғандым.

- Нарұл, тарихта ұлт үшін өшпес мұра қалдырған Ұлы тұлғаларымыз туралы мына деректерді жадыңда ұстағаныңды қалаймын.

Абай 13 жасында ел билеу ісіне араласып, 14 жасында сықақ өлеңдер шығара бастаған екен.

Әлихан Бөкейхан 13 жасында Қарқаралыдағы үш жылдық училищеге түсіп, үздік бітірген еді.

Ахмет Байтұрсынұлы 13 жасында әкесі Байтұрсынның жазықсыз сотталғанын көзімен көрген болатын.

Шоқан 14 жасында-ақ өзінің ғалым екенін дәлелдеген.Күш атасы Қажымұқан 14 жасында Петерборда Масляков деген татардың қолында жалшы болып жүріп, күштілігін көрсеткен.

Нұрғиса Тілендиев дирижерлік қызметті 14 жасында бастаған.

Мұстафа Өзтүрік 14 жасында Тайваньдағы эксперименталды университетке оқуға түсті.

- Анашым, мен бұл ақпаратты білсем де мән бермеппін. Демек мен ер жеттім!
- Айналайын, НАР тұлғалы Адам бол. Жолың ашық, бағың бес елі болсын!", - деп жазды ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!