Кеңес заманындағы фильмдердің жұлдызы Александр Ширвиндт қайтыс болды

Ресейдің халық әртісі, актер және театр режиссері Александр Ширвиндт дүниеден өтті. Ол 89 жаста еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, актер ауруханада көз жұмды.

Mash Telegram-каналының хабарлауынша, 2019 жылы Ширвиндт жүрегіне ота жасатқан: оған кардиостимулятор орнатылған. 2020 жылы ол коронавирус кезінде пневмониямен ауырды, ал 2022 жылғы жазда дәрігерлер Александр Ширвиндтке стенокардия диагнозын қойды.

Александр Ширвиндт "Самая обаятельная и привлекательная", "Вокзал для двоих", "Трое в лодке, не считая собаки", "12 стульев", "Ирония судьбы или с легким паром!" фильмдеріне түскен.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!