Наурыздың соңында мына жұлдызнама белгілерінің жолы болады

Наурыздың соңында мына жұлдызнама белгілерінің жолы болады
Фото: pixabay.com

Астролог Сьюзан Миллер наурыздың соңына дейін қаржылық салада кімдердің жолы болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Styler"-ге сілтеме жасап.

Сарышаян

Соңғы кездері мансап жайлы көп ойландыңыз. Айдың соңына қарай көптен бері ұмтылған нәрсеңізге жетесіз. Сол кезде кішігірім еңбек демалысын алыңыз. Ақша аямаңыз, сізде қаржы жағынан проблема болмайды.

Егіздер

Наурыздың соңында өміріңізді жақсартуға мүмкіндік аласыз. Өзіңізді дамытуға мән беріңіз: жаңа дағдыларды меңгеріңіз және айналаңыздан шабыт алыңыз.

Балықтар

Наурыздың соңында ерекше тосынсый аласыз. Ең алдымен ол сіздің арманыңызбен байланысты болады. Сондай-ақ бюджетіңізді арттыруға мүмкіндік болады. Маңызды әрекеттерге барыңыз және батыл болыңыз.

Тоқты

Жалақыңызды көтеруді сұрауға ұялмаңыз және әрқашан өз еңбегіңізді жоғары бағалаңыз. Наурыздың соңында жомарт сый алуыңыз мүмкін. Сондай-ақ біреудің мойнына ілгіңіз келген шаруаларды өзіңіз аяқтаңыз.

Оқи отырыңыз: Жұлдызнамасы бойынша ең ақылды адамдар кімдер?

А. Жапатова