Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінің видеосы жарияланды

YouTube-те Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорда мұның алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялаған еді.

Мемлекет басшысының атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді. Президент жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оларға Ұлттық құрылтай жұмысына белсенді атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Оразаға тұспа-тұс келген биылғы жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз