Синоптиктер 13 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер 13 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: Tengrinews.kz

Синоптиктер ертең, 16 наурызда қолайсыз ауа райына байланысты елдің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде жаяу бұркасын, облыстын онтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, онтүстік-батыстан жел соғады облыстын солтустігінде, шығысында куші 15-20 м/с. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан, батыстан, оңтүстіктен, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Маңғыстау облысының батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. 

Павлодар облысында солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан