Астана халықаралық әуежайы 1 мамырдан бастап түнгі уақытта жұмыс істемейді

Астана халықаралық әуежайы 1 мамырдан бастап түнгі уақытта жұмыс істемейді
Фото: Tengrinews.kz

Астана халықаралық әуежайында орындалатын рейстерге ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылғы 1 мамырдан бастап жөндеу аяқталғанға дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады.

Осыған байланысты Астанадан/Астанаға орындалатын әуекомпаниялардың рейс кестесіне өзгерістер енгізіледі.

"Жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлауын және әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтері, қосымшалар мен әуежай қызметтері, сондай-ақ әуекомпаниялардың хабарламалары сияқты барлық қолжетімді ақпарат көздерін пайдалануды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан