Қазір сыртта 200 мың қазақстандық заңды түрде еңбек етіп жүр - Тоқаев

Қазір сыртта 200 мың қазақстандық заңды түрде еңбек етіп жүр - Тоқаев
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазіргі таңда сыртта 200 мың қазақстандық заңды түрде еңбек етіп жүр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Американың өзінде Орталық Азиядағы көршілес елдердің мыңдаған азаматы тұрып жатыр. Көбі бизнесін жүргізіп, саудамен айналысады, арасында қалталы адамдар пайда болып жатыр. Бірақ олар өзінің ұлттық ерекшелігін жоғалтқан жоқ. Ең дамыған елдердің азаматтары да шетел асып, табыс табуға намыстанбайды. Заманауи көшпенділер, Modern Nomads дегеніміз – осы. Бұл – бүкіл әлемде болып жатқан үрдіс", - президент Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан жастары шетелге жиі шыға бастаған.

"Қазір Қазақстанның 200 мыңға жуық азаматы заңды түрде сыртта жұмыс істеп жүр. Табыс табу үшін шетелде бейресми еңбек етіп жүргендер де бар. Қай жерде болсын, еңбектің, кәсіптің жаманы болмайды. Тек бәрі заңды болуы керек. Сонда мемлекет олардың құқығын қорғап, қандай бір жағдай болса, көмектесе алады. Ел ішінде немесе шетелде заңды түрде жұмыс істеп, табыс табуға мүмкіндік туса, одан бас тартпаған жөн. Ең бастысы – адал еңбек ету, адал жолмен табыс табу, адал азамат болу", - деді Мемлекет басшысы.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz