"Көтерілген мәселелерден үлкен үміт күтеміз". Атырау ардагерлер кеңесінің төрағасы құрылтай туралы

"Көтерілген мәселелерден үлкен үміт күтеміз". Атырау ардагерлер кеңесінің төрағасы құрылтай туралы
Фото: Болат Айтмолда

Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Сақтайұлы ұлттық құрылтайдың құндылықтары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық құрылтайға арнайы шақыртумен келген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы бұл құрылтайға үлкен үміт артып, көптеген мәселе шешімін табатынына сенімді екенін жеткізді.

"Бүгін біз үлкен толғаныстың, қуаныштың үстінде тұрмыз. Себебі қазақтың ұлыларының басы қосылған құрылтайдың Атырауға келуі біз үшін үлкен жаңалық, жақсы үрдіс. Құрылтайдың жиынында айтылатын, шешілетін, көтерілетін мәселелерден үлкен үміт күтеміз және орындалуына сенеміз. Себебі осы құрылтайдың қалаушысы, ортамызға оралтқан мемлекет басшысының Атырауға келуінің өзі ол құрылтайдың үлкен мағыналы мәселе көтерілетінінің айғағы деп есептеймін. Құрылтай негізі қазақтың басын қосқан иын болған. Тарихтың үлкен әңгімесі бұрында да құрылтай жиналысында шешілген. Қазір де үшінші құрылтайда да мәселелер шешілетіні айқын. Біз осы қаланың тұрғыны ретінде, осы елдің азаматы есебінде жалпы халықтың атынан айтқым келеді. Құрылтай бізге үлкен жақсылық әкелсін, жаңалық әкелсін. Құрылтай жиынының Атырауда өтуі біздің елге деген үлкен құрмет, үлкен сый", - дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы. 

© Болат Айтмолда

Ардагерлер кеңесінің төрағасы құрылтайға алғаш қатысуы. Оның айтуынша, осыған дейін өткізілген құрылтайда айтылған мәселелер өз шешімін тапқан. 

"Мен оған дейінгі құрылтайға қатысқан жоқпын. Осы жолы қаланың ардагерлер төрағасы ретінде арнайы шақырылдым. Құрылтайдың мәселесі жоғары дәрежеде қаралған. Бірінші құрылтайдың, екінші құрылтайдың жиындарының мәселелерінің бәрі түгелдей хаттамаға еніп, қазір орындалу үстінде. Бүгінгі көтерілетін мәселелерде дәл сондай болады деген сенімдемін. Кеше біз отырған жиында президенттің көмекшісі бірінші және екінші құрылтайда көтерілген мәселелердің шешімі туралы халыққа хабарлады. Бүгінгі құрылтайда да мәселе көтеріліп, шешім түгелімен жазылып халыққа таратылады деген үлкен сенім бар", - дейді Мұрат Сақтайұлы. 

© Болат Айтмолда

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Атырау қаласында ұлттық құрылтайдың ІІІ съезді басталды. Құрылтайға байланысты Атырауда дайындық жұмыстары қалай жүріп жатыр? Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Е. Ерболұлы