"Сәуірде де жер сілкінісі болуы мүмкін". Қазақстандық астролог болжамын айтты

"Сәуірде де жер сілкінісі болуы мүмкін". Қазақстандық астролог болжамын айтты
Фото: ria.ru

Наурыз қазақ үшін ең маңызды айдың бірі. Тіпті биыл көктем мерекесі жаңа форматта тойланады. Әр айдың өзіне тән сипаты бар. Ал наурыз айы қандай болады? Мерекеге толы айдың қандай болатынын қазақстандық астролог Александра Обыскалова Massaget.kz тілшісіне айтып берді.

Наурыз 2024 қандай болады?

Маманның айтуынша, Қытай метафизикасы бойынша Ба Цзы тұрғысынан наурыздың энергиясы қояндағы от айы. От қояны айының энергиясы тыныштық болғанымен, жануар өте тез, белсенді әрекет еткенді жөн көреді, сондықтан наурыз ауа-райы, денсаулық, адамдар арасындағы қарым-қатынастың дамуына қатысты кез келген жағдайдың тез өзгеруімен таңғалдыруы мүмкін.

"Наурызда өзіңізге жақсы баға беруге, жеке құндылықты ақтауға тырысу керек. Өйткені қоян өте жұмсақ жануар, салдарынан өзіне құрметсіздік танытқандарға артық сөйлемейді. Қоян жанжалды ұнатпайтын жануар болғандықтан, адамдар жеке шекарасын қорғай алмауы мүмкін. Дегенмен, қоянда ағаш энергиясы бар, бұл адамдарға дипломатиялық қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді", - деді маман.

Қоян айында қайырымдылықпен айналысып, жақындарына көмектесіп, бұрын жылу көрсетпеген адамдарға ерекше назар аударған жөн. Ағаштың энергиясы адам бойындағы дарынды шығарып, оны дамытуға көмектесетіндіктен, жұмыс, кәсіп пен мақсатқа жету жолында жоспарды шыңдау қажет. 

"Екінші жағынан, айдаһар мен қоянның қарым-қатынасы айтарлықтай жақсы емес, бұл өз кезегінде адамдардың арасына да әсер етеді. Адамдар өзін ешкім түсінбейтіндей сөзінеді, сенімді қарым-қатынас орнату қиынға соғады. Бұдан бөлек, адам бойындағы жағымсыз қасиеттерін бақылауында ұстағаны дұрыс", - деді астролог.

Наурызда деннің саулығын сақтау үшін қандай ағзаға көңіл бөлу қажет?

Александра Обыскалова жалпы 2024 жылы денсаулық мәселесі күрделі болатынын жеткізді. 

"Наурызда адамдардың ауруы өршуі мүмкін. Яғни бауыр, өт қабы, асқазан, ұйқы безі, иммундық жүйе және көкбауырға қатысты аурулар көбірек мазалайды. Сонымен қатар, қояндағы от бейнесінің әсерінен эмоционалды тұрғыдан тұрақсыз адамдар ашуланшақ болады, сондықтан оларға мейлінше тыныштықта болып, жүйке жүйесіне назар аудару ұсынылады. Гормоналды жүйе де сыр беруі ықтимал, оның алдын алу үшін тәуекел тобындағы науқастар ертерек тексеріліп, көбірек демалғаны жөн", - дейді сарапшы.

Наурызда Қазақстандағы қандай кәсіп түрлері үшін сәтті болмақ?

Астрологтың сөзінше, қоян айы от элементіне ие болғандықтан, наурызда инновация және дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істейтін, жасанды интеллектпен байланысты салалар дамиды. Ақпараттық технологиялар және интернет нарығына жаңа бағдарламалар іске қосылады. 

"Алайда қоян оты өте әлсіз болғандықтан, атқарылған жұмыстың нәтижесі ұзақ уақыт бойы көрінбей, баяулауы әбден мүмкін. Мысалы, кәсіпкер нарыққа жаңа өнім әкеліп сататын болса, бәрі бірден өтіп кетпейді. Недегенімен бәрі біз қалағандай бола бермейтінін ұмытпаған дұрыс. Сондай-ақ, наурызда біліммен байланысы бар салалар да айқын дамиды. Білім, заң және жобаларға ден қойылады, - деп түсіндірді ол.

Наурызда Қазақстанда саяси жағдай қандай болады?

От элементі ақпараттың көрінісі.

"Наурызда елде белгілі бір заң жобасы іске қосылып, БАҚ деңгейінде шешім қабылдануы мүмкін. Телеарналардың беттерінде қазақстандықтарды толғандыратын тақырыптар талқыланып, белгілі бір түсініспеушіліктер туындайды. БАҚ қызметкерлері мен көпшілік назарында болғанды ұнататын адамдар арасында қарама-қайшылықтар болады", - деп болжады маман. 

Оған қоса, сарапшы қоғам көңілін қанағаттандырмайтын мәселелер де жарыққа шығатынын айтты. 

"Бүгінде Алматыда табиғи зілзала мәселесі өте өзекті тақырып болғандықтан, наурыз бен сәуір айы да қауіпті екенін айтқым келеді. Наурызда қалада жермен қатысты түрлі қиындық туындайды, мысалы, ғимараттар жарылып, құлайды. Егер ескі, жағдайы нашар ғимараттарды алдын ала жөндеп, қалыпқа келтірмесе, салдары ауыр болуы әбден мүмкін", - деді Александра Обыскалова.

Наурыздағы қолайлы және қауіпті күндер

Маман қолайлы күндер қатарына 24, 26, 27, 28, 29 наурызды кіргізді. Бұл күндері адам бойындағы энергия жақсарып, жаңашылдыққа бет бұруға оңтайлы сәтке айналады.

"Ал наурыздағы қауіпті күндерге 18, 19, 20, 23, 25, 30, 31 наурыз жатады. Бұл күндері энергия деңгейі төмен болады, ал маңызды іспен айналысқысы келгендер ешқандай нәтижеге қол жеткізбейді. Оған қоса, бұл күндері маңызды шаруамен айналыспаған абзал", - деп қорытындылады астролог.

Айта кетейік, бұған дейін ұлу жылы қандай болады? Қазақстандық астролог жауап бергені хакбарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда аспаздардың айлығы қанша?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә