Ұлттық құрылтай - 2024: Атырауда дайындық жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен құрылған Ұлттық құрылтайдың ІІІ съезді бүгін Атырау қаласында өтеді. Шежірелі мекенде жүрген Massaget.kz тілшісі құрылтайға дайындық қалай болып жатқанын жеткізді.

Атырау халқы Ұлттық құрылтай өткізуге тыңғылықты дайын. Дәл осы іс-шараға қала жұртшылығы бір айдан астам уақыт дайындалғанын жеткізді. 

"Мен өзім құрылтайдың өтетінін осы плакаттарды көрген кезде ғана білдім. Негізгі жолдарды жөндеп, баннерлар ілініп жатқанына шамамен 10 күннен асты. Асфальттарды тазалап, бірқатар жол белгілері сызылды. Қаламызда осындай үлкен шара өткізіліп жатқаны қуантады. Бұл өңірді елеп ескеру", - дейді қала тұрғыны. 

©Болат Айтмолда

Қала тұрғындары Ұлттық құрылтайдың маңыздылығын атап өтті. 

"Ұлттық құрылтай дегеніміз, дәл амал мерекесімен тұспа-тұс келіп отырғандықтан өткен жылды қортындылап, жаңа жылға, жаңа жоспарлар құру керек. Негізі бұндай жиындардың өткізілгені де керек. Астанада отырып жылды қортындылай бермей, аймақтарға ат басын тіреп, өткен жылды қортындылап келер жылға міндеттемелер құру халық пен билік арасын біршама жақындатады. Өңірлердің де етек жеңін жинап, республикалық деңгейде үлкен жиынның өткізілуіне ыңғайланады", - дейді қала тұрғыны. 

© Болат Айтмолда

Ұлттық құрылтайға орай тәртіп сақшылары да аяқтан тік тұрып қызмет етіп, тәртіпті бақылап жүр.

© Болат Айтмолда 

Тазалыққа жауапты жандар бір жұма бойы әуежайдан, құрылтай өтетін ғимаратқа дейін қала тазалығын кіршіксіз еткені байқалады.

© Болат Айтмолда

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 13:30-да Ұлтық құрылтайдың ІІІ съезді Атырау қаласында өтеді. Облыс әкімі Серік Шәпкенов алқалы жиынға қатысушыларды күтіп алды. Биыл үшінші рет өтетін Ұлттық құрылтайдың секциялық отырысы кеше өтті. Модераторлар "Азаматтық қоғам", "Мәдениет. Өнер. Руханият", "Білім және Ғылым", сондай-ақ "Әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму" тақырыптарында баяндама жасады.

© Болат Айтмолда

Атырау жұрты Ұлттық құрылтайдан өзге, күні кеше Амал мерекесін атап өтті. Әуежайда арнайы шағын концерт ұйымдастырып, қаланы "Амал мерекесі құтты болсын" - деген жазулармен безендіріп қойған. 

©Болат Айтмолда

Одан өзге қала жұртшылығы әз-наурызға да дайындықты бастап кеткен. Қаланы әр бұрышынан ұлыстың ұлы күнінің нышаны байқалады.

© Болат Айтмолда

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!