Алматыда 1 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

Алматыда 1 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі табылды
Фото: © almaty.tv

Алматы облысының Қарасай ауданында 2023 жылы жазда жоғалып кеткен ер адам 9 айдан кейін өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ Instagram-парақшасында айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Куколев Эдуард Юрьевич, 1989 жылы туған, 2023 жылғы 20 маусымда жоғалып кеткен. Сол күні кешке ол Қарасай ауданы, Жамбыл ауылы, Жамбыл көшесі, 5а корпусы мекенжайдағы жұмысынан шыққан.

Туыстарының айтуынша, ер адам әдеттегідей мүгедектер қоғамдық бірлестігіне таңертең ерте жұмысқа шыққан. Бұл ұйымда Эдуард түрлі жұмысты атқаратын адам болып жұмыс істеді. Ол сол күні кешке қарай шаруасын бітіріп, жүргізушіні күтіп, үйіне қайтуға дайындалған. 

"Ұлым үйге қайтуға асықты, себебі сол күні әжесінің туған күні еді. Ол үйге тезірек жеткісі келді, бірақ сонда да жете алмады. Сол күні ол жұмыс киімімен жоғалып кетті", - дейді Эдуардтың анасы Марина Куколева. Жоғалған адамның туыстары Эдвардты еңбек құлдығында болған деп болжады.

Еріктілердің айтуынша, ер адам 13 наурызда Қарасай ауданында су сору кезінде бес метрлік септиктен табылған. Ер адам өлімінің себебін сараптама анықтайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек