Алматыдағы мектептердің бірінде наурыздағы жер сілкінісінен кейін жарықтар пайда болған

Алматыдағы мектептердің бірінде наурыздағы жер сілкінісінен кейін жарықтар пайда болған
Фото: Видео кадры

Алматы мектептерінің бірінде наурыздағы жер сілкінісінен кейін жарықтар пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы ата-аналар хабарлады. Олар видеоны редакторға жіберді.

"2024 жылғы 4 наурыздағы жер сілкінісі нәтижесінде Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №190 орта мектебінің ғимаратынд, соның ішінде ғимараттың жер сілкінісіне төзімділігіне күмән келтіретін ригельдер мен тірек конструкциялар бойында, жарықтар пайда болды", - деді ата-аналар.

Олар әкімдіктен мектептің жер сілкінісіне төзімділігіне құрылыс-техникалық сараптама жүргізуді, сондай-ақ, ғимаратты авариялық эвакуациялық шығу жолдарымен жабдықтауды сұрайды. Олардың айтуынша, турникеттердің кесірінен балалар мектептен тез шыға алмаған. 

"№190 мектеп директорының айтуынша, әкімдіктің нұсқауымен орнатылған турникеттер ғимараттан балаларды тез эвакуациялауды қиындатқан", - деді ата-аналар.

Бостандық ауданының әкімдігінде Бостандық ауданы әкімі аппаратының өкілдері РЖС-мен, Бостандық ауданының қала құрылысын бақылау басқармасының, білім бөлімінің мамандарымен бірлесіп 6 наурызда Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы № 190 жалпы білім беретін мектепке барғанын хабарлады.

"Визуал тексеру барысында оқу кабинеттерінің қабырғаларында жарықтар анықталды, олар бойынша жұмыс тобы визуал тексеру актісін жасады, фото және бейнетіркеу жасалды. Аралау қорытындысы бойынша Алматы қаласының құрылыс, білім басқармаларына бұл білім беру объектісін сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу жүргізу мәселесін қарау үшін хаттар жолданды", - деп хабарлады әкімдік өкілдері. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек