"Ұят болды". Желіде Роза Рымбаеваның концерті қызу талқыға түсті

"Ұят болды". Желіде Роза Рымбаеваның концерті қызу талқыға түсті
Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Танымал әнші Роза Рымбаева дауылға қарамастан Ақтауда ашық сахнада концерт берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.

Халық әртісі 14 наурызда 15-шағынауданда өнер көрсетеді деп жоспарланған болатын. Дегенмен бұл күні құтқару қызметі Маңғыстау облысының барлық тұрғынына секундына 20 метрге жететін дауыл соғатыны туралы ескерту таратты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан әнші концертін тоқтатпай, жиналған жұрт алдында өнер көрсетті.

"Концерттен өткізгіміз келмеді, бірақ Роза Рымбаева үзілді-кесілді қарсы болды. Ақтаулықтар бұрыннан төзімді адамдар, олар бұл қаланы ыстықта, қақаған аязда, қатты желде және сусыз даланың арасында тұрғызған. Сондықтан бұл концерт - Ақтаулықтарға деген құрмет", - деп концерт ұйымдастырушылары әншінің сөзін жеткізді.

Басылым мәліметінше, Рымбаеваның концертіне "облыс орталығының 50-ге жуық тұрғыны" жиналған. Желі қолданушылар "Роза татемізден ұят болды" деп жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 112 - Ақтау - Актау (@112_aktau)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек