"Алкоголь де, кофе де емес". Стоматолог тіс саулығын құртатын сусынды атады

"Алкоголь де, кофе де емес". Стоматолог тіс саулығын құртатын сусынды атады
Фото: ru.freepik.com

Британдық стоматолог Рахул Нера тіске зиян сусынды атады. Бұл газы бар минералды су, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Чемпионат"-қа сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, газдалған судың тіске әсері оның қышқылдығымен байланысты.

"Сіз газдалған су ішкен кезде газбен қанықтыру процесі кезінде ауыздағы pH деңгейін азайтатын көмірлі қышқыл түзіледі. Бұл жоғары қышқылдық тіс эмалін бұзып, уақыт өте тістердің әлсізденуіне әкеледі. Оған қоса, хош иістендірілген газдалған суда жиі лимон қышқылы немесе басқа да қышқылдар болады. Олар эмальдің мүжілуін одан сайын ушықтырып жіберуі мүмкін", - деп түсіндірді стоматолог.

Оның айтуынша, газы бар минералды суды ішуге болады, бірақ мөлшерді сақтау керек. Сондай-ақ тістеріңізге зақым келу қаупін азайту үшін ауыз қуысы гигиенасының ережелерін сақтауды ұмытпаңыз.

Оқи отырыңыз: Тіс жұлғаннан кейін құлақ неге ауырады?

А. Жапатова