Бүйрек үсті бездерінің шаршағанын көрсететін денедегі 6 белгі

Бүйрек үсті бездерінің шаршағанын көрсететін денедегі 6 белгі
Фото: ru.freepik.com

Бүйрек үсті бездері бейімделуге және зат алмасуға қажетті гормондарды бөлу арқылы бізге күйзеліспен күресуге көмектеседі. Егер жиі және ұзақ уақыт күйзеліске шалдықсаңыз, бүйрек үсті бездері көмек керек екенін көрсететін белгілер бере бастайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүйрек үсті бездері – бүйректің астында орналасқан қос эндокринді без. Олар бүкіл ағзаның органдары мен жүйелерінің жұмыстарына әсер ететін гормондар бөледі. Соның ішінде, біздің күйзеліске реакциямызға, эмоционалдық тұрақтылыққа және зат алмасуды реттеуге жауап беретін адреналин, норадреналин және кортизолды бөледі. Егер бүйрек үсті бездері үнемі үлкен жүктемемен жұмыс істеп тұрса, олар шаршап, өз қызметін дұрыс атқара алмауы мүмкін.

"Бүйрек үсті бездерінің тепе-теңсіздігі сіздің жалпы хал-жағдайыңызға және өмір сапасына қатты әсер етуі мүмкін. Егер шаршаңқылық сіздің өміріңіздің ажырамас бөлігіне айналса, оны назарсыз қалдырмаңыз", - деп кеңес берді эндокринолог Диляра Лебедева.

Дәрігер өзінің телеграм-каналында бүйрек үсті бездерінің шаршағанын көрсететін 6 белгіні атады. Әр айтылған белгіні өзіңізден байқасаңыз, саусағыңызды жұмыңыз. Егер нәтижесінде үш немесе одан да көп саусақты жұмсаңыз, бұл міндетті түрде дәрігерге қаралу керегін білдіреді.

Эндокринологың айтуынша, мына 6 белгі бүйрек үсті бездерінің шаршағанын көрсетеді:

  1. Толыққанды ұйықтасаңыз да, таңертең шаршап тұру;
  2. Кешке түсініксіз энергияның келуі;
  3. Тәтті және тұзды тағамға құштарлық;
  4. Тіпті оңай тапсырмалардың өзіне шаршап қалу;
  5. Иммунитеттің түсуі, жиі тұмаурату;
  6. Айқын себептерсіз либидоның төмен болуы.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар созылмалы ауруға әкелетін кең тараған әдетті атады

А. Жапатова