"Мен той әншісі емеспін" - Роза Рымбаева

"Мен той әншісі емеспін" - Роза Рымбаева
Фото: видео кадры

Әнші Роза Рымбаева тойларға өте сирек шығатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтқан болатын.

"Мен тойға өте сирек шығамын. Айына бір рет болуы мүмкін. Тойға шыққан ұнамайды деп айта айлмаймын. Ол жерде жақсы табыс табуға болады. Бірақ мен және менің репертуарым той әншісі емеспін. Сондықтан мені менің әндерімді ұнататындар шақырады", - дейді әнші.

Роза Рымбаева кеңес үкіметі кезіндегі тойлар жайлы естелігін айтты.

"Кеңес үкіметі кезінде де тойлар болатын. Бірақ өте сирек болатын және мен тойда өнер көрсетуге ұялатынмын. Ал қазір ол қалыпты нәрсе. Қазір тойсыз әнші – кедей әнші. Мен концерт әншісімін. Менің форматым осы", - дейді Роза Рымбаева.

@dinara_satzhan Интервью с Народной артисткой Казахстана, актрисой, певицей Розой Рымбаевой на моем YouTube канале ✅ #динарасатжан #динарасатжанинтервью #врек #казахстан #розарымбаева #алматы ♬ оригинальный звук - Динара Сатжан

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина