Алматы әуежайы ұшып-қону рейстеріне қызмет көрсету бойынша жұмысын қайта бастады

Алматы әуежайы ұшып-қону рейстеріне қызмет көрсету бойынша жұмысын қайта бастады
Фото: Tengrinews.kz

Алматы халықаралық әуежайы ұшып-қону рейстеріне қызмет көрсету жұмысын қайта бастағанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы халықаралық әуежайы ауа райының тұрақтанып келе жатқанын хабарлады. Ұшып келетін және ұшып кететін рейстерге қызмет көрсету жұмыстары қайта жанданды", - делінген бейсенбі күні, 14 наурызда сағат 21:30-да әуе айлағының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

14 наурызда кешке Алматы әуежайы ауа райының күрт бұзылуына байланысты барлық ұшып кететін және ұшып келетін жолақтардың жабылғанын хабарлаған еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан