Желіде Алматы облысындағы қосалқы станцияда өрт шыққаны туралы хабар тарап жатыр

2024 жылғы 14 наурызда сағат 19:20-да Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Талғар ауданының Шымбұлақ ауылында қосалқы станцияның жанғаны туралы хабарлама түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Оқиға орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді. Оқиға орнына жеткеннен кейін трансформатордың қысқа тұйықталғаны, бірақ өртенбегені анықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Шақырту орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеті қызметкері мен екі техникасы жіберілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз