Алматыдағы қар: рейстер кешігіп жатыр

Алматыдағы қар: рейстер кешігіп жатыр
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Бүгін, 14 наурызда Алматы әуежайындағы қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты рейстер кешігіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Әуекомпания ауа райы жағдайын мұқият қадағалайды және барынша ұшу кестесін сақтауға күш салады. Сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі басымдық болып қала береді", - делінген хабарламада.

Компания рейс мәртебесін сайттан қадағалауға кеңес берді.

"Рейс орындалмаған немесе кешіктірілген жағдайда, төменгі оң жақ бұрыштағы airastana.com веб-сайтындағы онлайн-кеңесшілерге немесе +7 702 702 00 74 WhatsApp нөміріне, сондай-ақ, рейстің тоқтатылуы мен кешігуіне байланысты ақшаны қайтару үшін help.airastana.com сайтындағы Көмек орталығына хабарласыңыз. Рейс кешіктірілген жағдайда жедел желі: +7 7272 44 44 78", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан