Алматыда қар жауды: такси бағасы қалай өзгерді?

Алматыда қар жауды: такси бағасы қалай өзгерді?
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда тағы да қар жауды, соның салдарынан қалада көлік кептелісі пайда болып, такси бағасы да "ұшып кетті", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Бұған дейін "Қазгидромет" Алматыда 14 наурыз сағат 16:00-ден кейін 15 наурыз 04:00-ге дейін Алматыда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жаутынын, оның биіктігі 8-10 сантиметр болатынын хабарлаған еді. Сағат 17:00-де қалада қалың қар жауа бастады.

Ауа райы мен кешкі қарбалас уақытты ескере отырып, такси бағасы тез өсіп жатыр. Мысалы, Байтұрсынов, 63 мекенжайынан Алматы Аренаға барлық тариф бойынша 5000 теңгеден жоғары сомаға ғана жетуге болады. Тіпті "жолсерікпен" барудың өзі 5 380 теңге тұрады. "Эконом" 6240 теңгені ұсынып тұр (Яндекс.Такси).

Қарасай батыр, 95А-дан Сәтбаев, 78-ге дейін жол ақысы "Бірге" тарифімен 4410 теңге. Ал "комфорт" 5950 теңге.

Сәтбаев, 78-ден әуежайға баратын тариф те мәз емес.

Дәл осы мекенжайды inDrive қызметінде тексеріп көрейік. "Эконом"-дағы бағалар қазір осындай.

Ал "комфорт" бағасы осындай.

АДК-дан Halyk Arena-ға дейін inDrive-тегі "эконом" бағасы 4350 теңге болады.

Ал кері бағыт құны әлдеқайда арзан. Дегенмен, жол жүру уақыты шамамен бір жарым сағатты алады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан