Қандай дәруменнің жетіспеушілігі онкологиялық аурудың дамуына түрткі болуы мүмкін?

Қандай дәруменнің жетіспеушілігі онкологиялық аурудың дамуына түрткі болуы мүмкін?
Фото: ru.freepik.com

Эндокринолог, медицина ғылымдарының кандидаты Наталья Тананакина D дәруменінің жетіспеушілігі ауыр ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін екенін айтты. Бұған балалар рахиті, онкология, остеопороз, жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты патологиялар жатады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Известияға" сілтеме жасап.

Егер ағзаға D дәрумені жетіспесе, бұлшықет тонусы әлсізденіп, сүйек сыздап, тырнақ пен шаш сынғыштанып, тері құрғақ болады. Бұл тапшылықтың алғашқы белгілері.

Оның сөзінше, D дәрумені деңгейі биохимиялық қан анализі арқылы анықталады. Жетіспеушілік анықталған кезде мамандар дәрумен қоспаларын тағайындайды.

"Дәруменді науқастың қарсы көрсетілімдерін ескере отырып тағайындалады", - деді Наталья Тананакина.

Егер D дәрумені жетіспесе, диетаға балық майы, сүт өнімдері, жұмыртқаның сарысы, ақсерке уылдырығы мен саңырауқұлақтарды қосып, дұрыс тамақтануға назар аудару керек.

Суық мезгілден жылы маусымға өткенде адам ағзасы жоғалтуы мүмкін дәрумендер мен микроэлементтердің қажетті мөлшерін толтыру үшін мейлінше дұрыс тамақтанған жөн.

Айта кетейік, бұған дейін дәрумен жетіспеушілігі денсаулыққа қаншалық қауіпті екені хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Ыдыстағы су бағанының биіктігі 0,5 м. Судың ыдыс түбіне түсіретінін қысымын табыңыз. Судың тығыздығы 1000 кг/м³.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә