Ішек қатерлі ісігінің алдын алу үшін қандай тағам тұтынған жөн?

Жидектер мен жаңғақтар қосылған сұлы ботқасы, пеште піскен саңырауқұлақ қосылған көкөністерді және жеміс қосылған йогуртты жеу ішек қатерлі ісіктің даму қаупін төмендетуі мүмкін. Бұл туралы сарапшысы Мереди Берди, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Daily Mail" сілтеме жасап.

Дәрігер ішек қатерлі ісігінің алдын алу үшін талшықты көп мөлшерде жеу маңызды екенін айтты. Бұл сіңірілмейтін диеталық талшықтар тоқ ішектің шырышты қабығын қорғап, оның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайдалы ішек бактерияларына қорек ретінде қызмет етеді.

Мереди Берди жидектер немесе жаңғақтар қосылған сұлы ботқасын үнемі тұтыну талшықтың қажетті мөлшерін алудың ең оңай әдісінің бірі екенін түсіндірді. Егер ботқаны дайындауға уақыт жетіспесе, табиғи йогуртқа жеміс араластырып жеуге болады, өйткені ас қорыту кезінде ашытылған сүт өнімі ішектегі пайдалы бактериялардың санына оң әсер етеді.

Сонымен қатар, тағам құрамындағы талшықты жаңғақ немесе дәнек арқылы арттыруға болады. Ішекке пайдалы тағы бір тағам - пеште пісірілген саңырауқұлақтары бар көкөністер, оған дәнді нан немесе жұмыртқа қосуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін ішек қатерлі ісігінің бастапқы кезеңде байқауға болатын 6 белгісі хабарланған болатын. 

  • Іштің ауыруы;
  • Іштің кебуі;
  • Себепсіз салмақ тастау;
  • Нәжісте қан пайда болу;
  • Артқы тесіктің қанауы;
  • Қатты шаршаңқылық.

Тағы да оқи отырыңыздар: Көрісу күніне құттықтаулар. Амал мерекесіне арналған тілектер

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!