Әз-Наурыз. Жақындарыңызға Ұлыстың ұлы күнінде ерекше құттықтау жолдаңыз

Әз-Наурыз. Жақындарыңызға Ұлыстың ұлы күнінде ерекше құттықтау жолдаңыз

Отбасыңызды, достарыңызды және туған-туыстарыңызды Наурыз мерекесімен есте қаларлықтай етіп құттықтағыңыз келе ме?

Massaget.kz, Qazaq Stroy және Exclusive Qurylys Наурыз қарсаңында "Қош келдің, Наурыз" атты арнайы жобаны іске қосады.

Жаттанды тілектерді ұмытатын кез келді! Біздің сайтта бұрын-соңды болмаған, Ұлыстың ұлы күніне арналған ерекше құттықтау жаңалығын жасаңыз. Құттықтау Massaget.kz сайтында жаңалық болып көрінеді, ол тек сіздің жақын адамыңызға арналады.

Біздің жоба сонымен ерекше. Өйткені әрбір мақала айрықша, онда сіздің жақыныңыздың есімі мен сіздің жылы лебізіңіз жазылады. 

Бұл не үшін қажет? Сіз жоба бетіне өтіп, құттықтағыңыз келетін жақыныңыздың есімін немесе тегін жазуыңыз керек. Кейін жақыныңызға жаңалықтың сілтемесін жіберсеңіз болады. 

Наурыз – қазақ танымында Жаңа жылдың бастауы. Бұл күні барлығы бірге жиналып, ақ дастархан жайып, бір-біріне жылы лебізін жаудырады.

Сондықтан арнайы жобамызға қосылып, Наурыз мейрамында жақындарыңызды жаңа әдіспен құттықтап таңғалдырыңыз.

Құттықтау үшін мына сілтемеге өтіңіз!

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек