Елімізде 217 елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан

Елімізде 217 елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығының міндетін атқарушы Жомарт Асқаров 217 аймақты су басу қаупі бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Наурыз және сәуір айларында тәулігіне бір айлық жауын-шашын мөлшері түсуі мүмкін, осылайша қауіпті су тасқыны құбылыстары пайда болуы ықтимал. Наурыздың бірінші онкүндігінде елдің шығыс және оңтүстік аймақтарында бір мезгілде қатты жауын-шашыннан ауа температурасының көтеріледі. Су басу қаупі бар аймақта тәуекелді бағалау критерийлеріне сәйкес 217 елді мекен орналасқан", - деді Жомарт Асқаров ОКҚ-да өткен брифингте.

Асқаровтың айтуынша, он күннің ішінде ел аумағындағы қар деңгейі 72 пайыздан 61 пайызға дейін төмендеген.

"Шымкент қаласында 2 тұрғын үйді және Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 28 саяжай үйді су басты (еск - саяжайларда қыста ешкім тұрмайды және су жолағында орналасқан). Онымен қоса Шымкент қаласындағы, Абай, Атырау, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарындағы тұрғын үйлердің аула аумақтарын су басу фактілері тіркелді", - дейді Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығының міндетін атқарушы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Ордабаев