Денсаулық сақтау министрлігі Ажар Ғинияттың ұсынысын қолдамайды

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев министрлік экс-министр Ажар Ғинияттың МӘМС жүйесіне тіркелмегендерді көлік жүргізу құқығынан айыру керек деген ұсынысын қолдамайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазір бұл мәселе күн тәртібінде жоқ. Біз адамдарды медициналық сақтандыру жүйесіне тартудың басқа тетіктерін қарастырып жатырмыз. Ең алдымен, әкімдіктер арқылы халықтың әлеуметтік осал санаттарын (жүйеге тарту қажет - еск.). Өйткені жергілікті атқарушы билікте тиісті тетіктер бар", - деді Тимур Сұлтанғазиев Сенат кулуарында.

Еске салайық, бұған дейін бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният МӘМС жүйесіне тіркелмегендерді көлік жүргізу құқығынан айыруды ұсынған болатын.

"Жарна төлемейтін - МӘМС жүйесіне тіркелмеген адамдарға мемлекеттік қызметтер алу кезінде шектеулер енгізу ұсынылады. Мысалы, көлік жүргізу, қару-жарақ сақтау және тағы басқа", - деген еді экс-министр.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!