Азық-түлік алғызған: Ақтөбе облысында ер адам бірнеше такси жүргізушісін алдаған

Азық-түлік алғызған: Ақтөбе облысында ер адам бірнеше такси жүргізушісін алдаған
Фото: tengrinews.kz

Ақтөбе полициясы 10-нан астам такси жүргізушісін алдаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласында бірнеше такси жүргізушісінің алаяққа алдануы дерегі бойынша жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті жігітті анықтап, Жаңаөзен қаласынан ұстады. 

"Ол такси жүргізушілерін осы қосымша арқылы тауып, WhatsApp мессенжерінде байланысқан. Клиенттің атын жамылған жігіт хат жазысу барысында қолма-қол ақшасының бар екеніне сендіріп, такси жүргізушілерін өз ақшасына супермаркеттерден азық-түлік жеткізіп беруге және өзі жіберген телефон нөміріне ақша аударуға көндірген. Сенімді көріну үшін қажетті азық-түліктің тізімін де жолдап, тапсырысты мекенжайға жеткізген соң, барлық шығынды қолма-қол өтейтінін айтқан", - делінген хабарламада.

Тергеп-тексеру кезінде күдікті қылмыстық схемасын танымал InDrive қосымшасын пайдаланып жүзеге асырғаны анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы