Жатақханадан шығып кеткен: Қарағандыда студент іздестіріліп жатыр

Жатақханадан шығып кеткен: Қарағандыда студент іздестіріліп жатыр
Фото: ekaraganda.kz.

Ұлытау облысы Жаңаарқа полиция бөлімі аграрлық колледждің жоғалған студентін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

16 жастағы Тұрсын Жақыпбеков 11 наурызда жоғалып кеткен. Түнде ол жатақханадан шығып кеткен, содан кейін оны ешкім көрмеген. Полицейлер жоғалған адам Қарағандыда болуы мүмкін деп ойлайды.

"Жақыпбеков Тұрсын Саматұлы 2007 жылы туған. Жаңаарқа ауданы Жомарт бекетінде тұрады. Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледжде екінші курста оқиды. Колледж жатақханасында тұрды. 11 наурызда түнгі сағат 2-де жатақханадан белгісіз бағытқа кетті", - деді полиция.

Ол сұр спорттық баскиім, қысқа күртеше, қара спорттық шалбар және қоңыр кроссовка киген.

Студентті көрген немесе оның қайда екенін білетін кез келген адамнан 102 нөміріне қоңырау шалу сұралды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова