Елімізде жаңа саяси партияны тіркеуге 17 өтініш түсті - Әділет министрлігі

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Қазақстанда жаңа саяси партияны тіркеу бойынша 17 өтініш түскенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2023 жылдан 2024 жылған дейін Әділет министрлігіне (жаңа саяси партияны тіркеуге қатысты) 17 өтініш түсті. Алайда олардың өтініші қабылданбады. Тиісті рәсімдерді қарастырып жатырмыз. Заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады", - деді Ботагөз Жақселекова Сенат кулуарында.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген:

1. AMANAT партиясы;
2. "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық партиясы;
3. Қазақстан Халық партиясы;
4. "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
5. "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия";
6. "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы;                                                                                                  7. Respublica партиясы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз