Мемлекеттік сатып алу бойынша 2,5 мыңнан аса заңбұзушылық анықталды

Мемлекеттік сатып алу бойынша 2,5 мыңнан аса заңбұзушылық анықталды
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бас прокуратура мемлекеттік сатып алу саласындағы тексеріс қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспарлаудан бастап тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді қабылдауға дейінгі кезеңдерде барлығы 2,5 мыңнан астам бұзушылық анықталған. Олар бойынша 1,4 мың қадағалау актісі енгізілді. Қабылданған шаралармен мемлекет кірісіне 10 млрд теңге өндірілді.

"Осы облыста арнайы прокурорлар "Жайлау Сити" тұрғын үй құрылыс кооперативі және "Құрылтай" көппәтерлі тұрғын үй кешенін сыртқы электрмен жабдықтау желілерін салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді. 2023 жылдың 30 қазанында Целиноград ауданы Құрылыс бөлімінің басшысы С. және "Еңбек-Аршалы" ШЖҚ РМК директоры А. 7 және 8 жылға тиісінше бас бостандығынан айырылды. "Астана ЭлектроСтройКомплект" ЖШС директоры С. – 7 жылға шартты түрде сотталды", - делінген хабарламада.

Аталған салада жүйелі проблемаларды анықтау мақсатында өткен жылдың соңында Қаржы министрлігі және жергілікті атқарушы органдарда тексерулер жүргізілді.

"Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларын екіұшты қолдану, ішкі мемлекеттік аудит органдарының актілеріне қарсылықтарды ұзақ қарау және басқа да бұзушылықтар фактілері анықталды. Қорытынды бойынша Үкіметке ұсыныс енгізілді. Қадағалау актісі бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесін жақсарту, оның ішінде заңнаманы жетілдіру жолымен іс-шаралар көзделген Жол картасы әзірленді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Бас прокуратура "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа Заңды және оған қатысты заңға тәуелді актілерді әзірлеуге қатысады. Мемлекеттік қаражатты жұмсаудың заңдылығын қамтамасыз ету саласындағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы