Сахнадан алыстап кеткен әнші Сырым Исабаевтың отбасында қуанышты жайт болды

Сахнадан алыстап кеткен әнші Сырым Исабаевтың отбасында қуанышты жайт болды
Фото: ашық дереккөз

Сахнадан алыстап кеткен әнші Сырым Исабаев қызды болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әншінің өзі парақшасында айтты. 

Әншінің қызының есімін Мариям деп қойған. 

Әншінің оқырмандары өнер иесін құттықтап, жылы лебіздерін білдірген. Оның ішінде, әншінің неліктен сахнадан көрінбей кеткенін сұрағандар да табылды. 

"Сахнаны қойғанға 10 жыл болды. Өтініш, сұрамаңыздаршы", - деп жауап берген Сырым Исабаев. 

Әншінің сөзінше, бүгінде ол үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина