Семейде зауытта зардап шеккен жұмысшылар емі үшін ақша талап етіп отыр

Семейде зауытта зардап шеккен жұмысшылар емі үшін ақша талап етіп отыр
Фото: видеодан алынған кадр

Семейде шифер шығаратын зауытта болған апатқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Төтенше жағдай кезінде екінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен бес жұмысшы зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Зардап шеккен қызметкерлер "Бізге көмек бермей ме?" деп алаңдап отыр. Олардың сөзінше, емге қыруар қаржы керек.

"Душқа кірдік, солай. Жарылыс болды! Қайда барамыз? Буға жүгіруіміз керек пе? Онда 200-180 градус екені анық. Ол күйдіріп жібереді. Сәл үлкенірек жігіттер "Кеттік, секірейік" деді. Барлығымыз секірдік" - деді жұмысшы Дулат Кюков.
 

Терезе астындағы мұздан бес ер адамды әріптестері тауып алған. Олар жедел жәрдем шақырған. Зардап шеккендер қозғала алмай, есін жоғалтқан. Бір жұмысшыға жедел жәрдем бөлмесіне көмек көрсетіліп, үйіне жіберілген. Қалғандарының жарақаты ауыр болғандықтан, ауруханаға жатқызылған.

Еңбек инспекциясы зауыттағы оқыс оқиғаға қатысты тергеуді бастап та кетті. Арнайы комиссия кінәлілерді анықтауы керек. Бұл ретте шенеуніктер зардап шеккендерді көмексіз қалдырмайтынын айтып, уәде берді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан