Қайрат Әділгерейдің жұбайы күйеуі 40 жасқа толғаннан кейін өзгергенін айтты

Қайрат Әділгерейдің жұбайы күйеуі 40 жасқа толғаннан кейін өзгергенін айтты

Актер Қайрат Әділгерейдің әйелі күйеуі 40 жасқа толғалы өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Бақыт Тұрман "ХабарLike" бағдарламасында айтты. 

"Қайрат 40 жасын тойлағысы келмеді. Ырымға сенеді. "40 жасты тойламайды" дегенді естіп алған. Тойлай бер, ештеңе қылмайды деп айттым. Кішігірім, достарымыздың арасында тойладық. Қайрат 40-қа дейін қылмыңдады. Керісінше, 40 жас жақындағанда, уайымдап, қорқып, күйзеліске ұшырады. Жалпы, қазір күйзелісте", - деді Бақыт Тұрман.

Айта кетейік, биыл ақпанда Қайрат Әділгерей 40 жасқа толған болатын. Бақыт Тұрман күйеуін туған күнімен ерекше құттықтады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина