Ақтөбе облысында екі минивэн соқтығысып, сегіз адам зардап шекті

Ақтөбе облысында екі минивэн соқтығысып, сегіз адам зардап шекті
Фото: видеодан алынған кадр

Самара - Шымкент тас жолының бойындағы Өлке ауылының маңында LADA Largus және Toyota Estima көліктері соқтығысты. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық полицияның мәліметінше, жол апаты 13 наурызда болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АКТОБЕ СЕРГЕК | AQTOBE SERGEK  (@aqtobe_sergek)

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін екі көліктің де жүргізушісі 12 және 13 наурызда әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

"13 наурызда Самара – Шымкент тас жолында LADA Largus және Toyota Estima көліктері соқтығысты, салдарынан екі көліктің жүргізушісі мен алты жолаушысы түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды", - делінген Ақтөбе облысының полициясы таратқан хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан